Қырғызстан Республикасында жеті миллионыншы азамат дүниеге келді. Бұл туралы сәрсенбіде республиканың Ұлттық статистика комитеті хабарлады.
Қырғызстанның жеті миллионыншы тұрғыны 19 қазан күні сағат 2:10-да Баткен облысының Қызыл-Қия қаласында дүниеге келді.
Президент Садыр Жапаров телефон арқылы баланың ата-анасын құттықтап, оған зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.
Қырғызстан басшысы халық санағын 7 млн-ға жеткізген азамат өз халқының лайықты ұлы болып өсіп, өз отбасына ғана емес, бүкіл елге пайдасын тигізеді деген үмітін білдірді.
Баланың анасы құттықтаулары үшін алғыс білдіріп, Мемлекет басшысынан жаңа туған баласына есім беруін өтінді. Президент Садыр Жапаров баланы "даму мен өркендеуді мензейтін" есім – Жакшылык деп атауды ұсынды.
Мемлекеттен 7 миллионыншы Қырғызстан азаматының депозиттік шотына 1 миллион сом аударылады, ол оны кәмелетке толғаннан кейін өз қажеттілігіне пайдалана алады.