Қырғызстан халқының 43%-ы вакцинаның бірінші дозасын ектірді

561

Бішкек пен Шу облысының тұрғындары үшін "Pfizer" екпесі қолжетімді.

Қырғызстан халқының 43%-ы вакцинаның бірінші дозасын ектірді

Қырғызстан халқының 43%-ы COVID-19 дертіне қарсы вакцинаның бірінші дозасын, 33%-ы екінші дозасын ектірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Халықтың 50%-дан астамы Ош қаласында және ОШ, Талас және Нарын облыстарында қамтылған. 

Бүгінгі таңда Қырғызстан азаматтары Қытайда өндірілген "Sinopharm", Оксфорд университеті жасаған "AstraZeneca" және Қазақстанда өндірілген "QazVac" вакциналарын қабылдап жатыр. 

Сонымен қатар Бішкек пен Шу облысының тұрғындары үшін "Pfizer" екпесі қолжетімді. Қырғызстанға 27 қазанда COVAX бастамасы бойынша вакцинаның 259 740 дозасы жеткізілген. Жергілікті билік бұл вакциналардың елдегі барлық тұрғындарға қолжетімді болатынын айтып, халықты тезірек вакцина салдыруға үндеді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: kabar.kg

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу