Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 шілдедегі тұрақты халық саны 7 млн 337 мың адам болды.
Қаңтар–маусым айларында АХАЖ органдарында 65 мың нәрестенің дүниеге келуі тіркелді. Бұл – әр мың тұрғынға шаққанда 17,9 бала. Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде көрсеткіш 19,3 болған.
Осы кезеңде 16,1 мың адам қайтыс болды. Бұл әр мың тұрғынға 4,4 адамнан келеді (2024 жылы – 4,5).
Нәтижесінде, биылғы алғашқы жартыжылдықтағы табиғи өсім 48,9 мың адамды құрады. Бұл – әр мың тұрғынға шаққанда 13,5 (өткен жылы – 14,8).
Ең жоғары табиғи өсім Баткен, Ош және Жалал-Абад облыстарында тіркелсе, ең төменгі көрсеткіш Бішкек пен Ыстықкөл өңірінде байқалды.