Қырғызстан халықаралық әуе қатынасын 15 маусымда жандандырады

629

Күніне 2-3 рейс жүзеге асырылады. 

Қырғызстан халықаралық әуе қатынасын 15 маусымда жандандырады

Қырғызстан 15 маусымда пандемияға байланысты тоқтатылған халықаралық әуе қатынасын жаңғыртады. Бұл туралы елдің азаматтық авиация агенттігінің басшысы Құрманбек Ақышев хабарлады. 

Оның айтуынша, қазір халықаралық рейстердің кестесі мен олардың жиілігі қарастырылып жатыр екен.

Осыған қатысты қабылданатын шешімдер талқылауға жіберілді. Әрбір әуе компаниясы өзінің ұшу кестесін, яғни қашан және қанша рет ұшатыны туралы мәлімет берді. Бізде бар алгоритм бойынша, аптасына 16-17 рейс, күніне 2-3 рейс жүзеге асырылмақ", – деді ол.

Соңғы мәлімет бойынша, елдегі вирус жұқтырғандардың саны 1899-ға жетіп, оның 20-сы қаза тапқан. 1292 кісі ем-дом қабылдап жазылған. 

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус індетін пандемия деп таныған болатын. Осы күнге дейін әлемде вирус жұқтырғандардың саны 6,5 миллионнан асып, 380 мың адам көз жұмған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу