Қырғызстан ІІМ 9 мамырда "арнайы операцияның" символикасын пайдаланбауға шақырды

669

Осы күнге дейін көліктердегі жапсырмалар үшін 16,5 мың сом көлемінде үш айыппұл салынды.

Қырғызстан ІІМ 9 мамырда "арнайы операцияның" символикасын пайдаланбауға шақырды Фото: reuters.com

Қырғызстан ІІМ азаматтарды 9 мамыр күні Ресейдің Украина аумағындағы 2 "арнайы әскери операциясының" символикасын пайдаланбауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның сайтындағы мәлімдемеге сілтеме жасап.

"Қырғыз Республикасының аумағында ұлтаралық араздықты болдырмау және арандатушылықтың алдын алу мақсатында, әсіресе Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысушылар арасында қақтығысты болдырмау үшін Қырғыз Республикасының Ішкі істер органдарының қызметкерлері Украина мен Ресей арасындағы әскери қақтығысқа қатысы бар бейнелерді, эмблемаларды, символиканы пайдалануға және киюге жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуде", – деп жазылған хабарламада.

Құқық қорғаушылар базарлар мен сауда орталықтарының қызметкерлеріне, сондай-ақ "Жаужүрек полк – Қырғызстан" шеруін ұйымдастырушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы күнге дейін көліктердегі жапсырмалар үшін 16,5 мың сом көлемінде үш айыппұл салынды.

Бұған дейін Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтардан "Жаужүрек полк" шеруі кезінде "арнайы операцияны" білдіретін Z әрпін пайдаланбауды сұраған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу