Қырғызстан итальяндық киім шығара бастай ма?

228

Қырғызстан Италия киім өндірушілеріне бизнесті жүргізу үшін жеңілдетілген салық, преференциялар мен үкіметтік кепілдіктерді ұсынуға дайын екендігін білдірді. 

Қырғызстан итальяндық киім шығара бастай ма? Фото: Tazabek.KG

Әлемге әйгілі итальяндық киім мен аяқ киім шығаратын компанияларға Қырғызстанда өндіріс ашу ұсынылды. Бұл туралы Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Бұл туралы Қырғызстанның бірінші вице-премьері Әділбек Қасымалиевтің Бішкекте өткен Сыртқы істер министрінің орынбасары, Италия парламентінің төменгі палатасының депутаты Эдмондо Чириелли бастаған итальяндық делегациямен кездесуінде айтылды.

Кездесу барысында Әділбек Қасымалиев әлемге әйгілі итальяндық компанияларды Қырғызстанда өз өндірістерін ашуға шақыра отырып, қырғыз жеңіл өнеркәсібінің әлеуетін атап өтті. Ол бизнесті жүргізу үшін жеңілдетілген салық, жеңілдіктер мен үкіметтік кепілдіктерді ұсынуға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары республиканың тау-кен металлургиялық әлеуетіне егжей-тегжейлі тоқталып, итальяндық тарапты 2024 жылғы 19-20 маусымда Бішкекте өтетін MINEX Орталық Азия тау-кен геологиялық форумына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Эдмондо Чириелли Италияның Қырғызстанмен ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдіріп, екі ел арасындағы өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселелер бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу