Қырғызстан қандай жағдайда Қазақстаннан автобустар сатып алады

802

Жолаушылар көлігі электронды диспетчерлік жүйе және ONAY PAY жол ақысын автоматты түрде жинау жүйесімен жабдықталады.  

Қырғызстан қандай жағдайда Қазақстаннан автобустар сатып алады

Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиевтің айтуынша, Қырғызстан Қазақстаннан жылына 7%-дық лизингке автобустар сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Бұл автобустар бойынша келісім бар. Сондай-ақ ресейлік және беларусь әріптестерімен, КамАЗ және МАЗ зауыттарымен келіссөздер жүргізілуде. Қазақстандық серіктестер өздерінің лизингтік жүйесін беруге келісті – бұл теңгемен жылына шамамен 7%. Сонымен қатар олар жеткізу шығындарын өтеуге дайын", – деді министр.  

Спикер автобустардың құнын атамады. Оның айтуынша, бұл туралы Бішкек әкімдігі көбірек біледі.  

Қазақстан мен Қырғызстан меморандумға қол қойды. Соның аясында 2022 жылы Yutong электр, газ және дизельдік автобустары жеткізіледі деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу