Қырғызстан Қазақстан көмірінен бас тартуы мүмкін

803

Қырғызстан Қазақстан көмірінен бас тартуы мүмкін

Келесі жылдан бастап Қырғызстан тек өздері өндірген көмірді пайдалануды жоспарланып отыр. Бұл туралы осы елдің ұлттық энергохолдингінің басшысы Айбек Қалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандардың айтуынша, бұл - Бішкек қаласының жылу электр орталығына қытайлық компанияның жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін мүмкін болған. Егер бұдан бұрын ЖЭО 512 мегаватт өндіруге есептеліп, соңғы кезде өз көлемін 300 мегаваттқа дейін қысқартса, жөндеу жұмыстарынан кейін оның мүмкіндігі 812 мегаваттқа дейін өскен.

Айта кетейік, биыл 450 мың тонна Қазақстан көмірін сатып алу жоспарланған. Алайда, келесі жылыту маусымынан бастап Бішкек билігі Кара-Кече кен орнында өндірілетін отандық көмірді ғана пайдалануға ниетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу