Қырғызстан Қазақстан мен Ресеймен азаматтардың дербес деректерімен алмасуды заңдастырды

504

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстан мен Ресей билігімен екіжақты тәртіпте азаматтардың дербес деректерімен алмасу туралы Заңға қол қойды.  

Қырғызстан Қазақстан мен Ресеймен азаматтардың дербес деректерімен алмасуды заңдастырды Фото: img8.eadaily.com

Бұл туралы Қырғыз көшбасшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, жаңа Заң осы елдердің бірінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды анықтауға көмектеседі.

"2020 жылғы 18 желтоқсанда қол қойылған дербес деректермен алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын Жогорку Кенеш (қырғыз парламенті) осы жылдың 25 мамырында қабылдады. Онда келісімге Қырғызстан, Қазақстан және Ресей арасында қол қойылғаны көрсетілген.

Келісімге сәйкес, үш мемлекеттің билігі келісімге қатысушылардың азаматтығының бар (болмауы) туралы ақпарат беру; тараптардың аумақтарында тұрақты болу (тұру) құқығын беретін құжаттардың болуы; көші-қонды тіркеу немесе тараптардың азаматтарының, үшінші елдердің азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғылықты жері (болатын жері) бойынша тіркелуі; келісім тараптарының аумағына кіру құқығын беретін визалар беру; тараптардың аумақтарында дербес деректер субъектісінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы; тараптардың аумақтарында дербес деректер субъектісінің мүліктік сипаттағы міндеттемелерінің болуы; тараптардың аумақтарында дербес деректер субъектісін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту; жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсыну үшін өз азаматтарының дербес деректерімен алмасады.

17-баптың 1-тармағына сәйкес келісім депозитарий техникалық процестердің аяқталғаны туралы үшінші хабарламаны алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

ТМД Атқару комитетінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей барлық талаптарды орындаған. Осылайша, келісім Қырғыз тарапы барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін ғана күшіне енеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қырғызстан Ішкі істер министрлігі халықаралық іздеуде жүрген ТМД елдерінің азаматтарын анықтау үшін тұлғаны тану жүйесін іске қосты. Құқық қорғау органдары жұмысының алғашқы он күнінде Достастық мемлекеттерінен келген әріптестері іздеуде жүрген 57 адамды анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу