Қырғызстан Қазақстанмен достық қарым-қатынасын нығайта береді

658

Қырғызстан Қазақстанмен достық қарым-қатынасын нығайта береді

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отандастарына арнаған жолдауында елдің сыртқы саясатындағы басым бағыттарына тоқталды.

"Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан сынды көршілес елдермен достық қарым-қатынасты нығайту халқымыздың жағдайына оң әсерін тигізеді. Біз мұны сыртқы саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде бағалаймыз", - деді С.Жээнбеков.

Қырғызстанның стратегиялық серіктесі және одақтасы Ресеймен жан-жақты байланысты дамытуы – сыртқы саясаттағы негізгі басымдығы болып саналады. Сондай-ақ көршілес Қытай Халық Республикасымен орнаған арадағы қарым-қатынас стратегиялық деңгейге көтерілген.

"Түркия, Жапония, Корея, АҚШ, Еуроодаққа мүше елдер, сондай-ақ, араб елдерімен екіжақты және көпжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтамыз", - деді Қырғыз Республикасының президенті.

Ол Қырғызстанның ЕАЭО-ға мүше болуының маңыздылығын ерекше атап өтті.

"Біз Қырғызстанның тауарларын әлемдік нарыққа экспорттау үшін бар мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз. Елдің транзиттік және өндірістік әлеуетін одан әрі дамытамыз", - деді өз сөзінде С.Жээнбеков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу