Қырғызстан Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жояды

940

Қырғызстан Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жояды

Қырғызстан билігі Қазақстанның 100 миллион доллар көлеміндегі көмегінен бас тартты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қырғызстан парламентінің бюджет және қаржы жөніндегі комитеті Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Қырғызстанның вице-премьері Дүйшенбек Зилалиев айтты.

"Біз бұл қаражатқа ветеринарлық зертхана салуды жоспарлаған едік. Бірақ қаржы күтпей, бюджет қаражаты есебінен 18 зертхана салдық. Өзге зертханаларға басқа қаржы көздерінен іздеп жатырмыз", — деді Зилалиев. 

Енді келісімнің күшін жою жөніндегі заң жобасын парламенттің басқа комитеттері қарастырады, одан кейін құжат Жоғарғы кеңестің жалпы отырысына жіберіледі.

Қазақстан биылғы жылы шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялады. Бұл қаражат Қырғызстанға ЕАЭО қосылуына байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін ұсынылған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу