Қырғызстан Қазақстаннан 1,5 млрд кВтсағ электр энергиясын импорттауды жоспарлап отыр

630

Қырғызстан Қазақстаннан 1,5 млрд кВтсағ электр энергиясын импорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қырғызстан Қазақстаннан 1,5 млрд кВтсағ электр энергиясын импорттауды жоспарлап отыр

"Қазақстанның энергия жүйесінен небары 900 млн кВтсағ электр энергиясы алынды. Оның ішінде 2021-2022 жылдары жылына 300 млн кВтсағ импорт пен тауар алмасу аясында электр энергиясын қайтару жүзеге асырылды. Бұдан бөлек 2022 жылы және 2023 жылдың I тоқсанында Қазақстаннан 1,05 млрд кВтсағ электр энергиясын импорттау жоспарланып отыр. Оның ішінде бүгінде жоспар бойынша 216 млн кВтсағаттың 234 млн кВтсағаты импортталды. Биыл барлығы 450,0 млн кВтсағ импорттау жоспарланып отыр", – деді Таалайбек Ибраев.

Оның айтуынша, Өзбекстан мен Қазақстанның энергия жүйелері арасындағы электр энергиясының тауар алмасуы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде жоспарланған көлемдер жеткізу кестесіне сәйкес толық жеткізілген.

"Бүгінде электр энергиясы импортының көлемі 1,8 млрд кВтсағ құрайды. Осы күнге дейін Орталық Азияның энергия жүйелерінен барлығы 2,3 млрд кВтсағ импортталды", – деп толықтырды Қырғыз Республикасының энергетика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу