Қырғызстан Қазақстаннан импортталатын көмір көлемін азайтты

245

Бұл туралы "Биринчи радиосы" эфирінде Энергетика министрі Таалайбек Ибраев хабарлады. 

Қырғызстан Қазақстаннан импортталатын көмір көлемін азайтты Фото: Gmk center

Оның айтуынша, бүгінде Бішкек ЖЭО-да 200 мың тонна қатты отын қоры бар, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Жыл сайын көрші елдерден 550-600 мың тонна көмір сатып алатынбыз. Биыл бұл көлем 180 мың тоннаға дейін қысқарды. Жоспар бойынша алдағы үш жылда Қазақстаннан келетін қатты отын импортынан бас тартқымыз келеді. Бізде Нарын облысы Мин-Куш ауылында Ак-Улак кен орны бар. Бұған дейін ол жерде өндірілген көмір бағаланбай келді. Қазір инвесторларды тартып, ЖЭО-да нарындық қатты отынын қолданамыз", - деді Таалайбек Ибраев.

Ол көмірдің сапасы жағынан Ак-Улак көмірі қазақстандық отыннан кем түспейтінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу