Қырғызстан Қазақстаннан ветеринарлық қауіпсіздікке 100 млн доллар алуды көздейді

845

Қырғызстан Қазақстаннан ветеринарлық қауіпсіздікке 100 млн доллар алуды көздейді

Қырғызстан  еуразиялық экономикалық одаққа ену кезінде республиканы бейімдеу үшін қарастырылған 100 млн доллар техникалық көмек бөлу жөнінде Қазақстанмен келісімшартқа қол қойды, деп мәлімдеді сейсенбі күні қырғыз премьерінің орынбасары Олег Панкратов тілшілерге, деп жазады "Интерфакс".

"Кеше 100 млн доллар техникалық көмек бөлу жөнінде Қазақстанмен арада құжатқа қол қойдық. Ол қаражат ветеринарлық қауіпсіздікке байланысты мәселелерге бағытталады", – деп мәлімдеді ол.

Қырғыз шенеунігі атап өткендей,  республика ЕАЭО-ға қосылған кезде Ресей мен Қазақстан өткізу пунктері мен зертханаларды жаңғыртуға қаржы бөлуді уәде еткен.

"Ресей тарапынан  құжат іске асуда, қарастырылған 200 млн доллар қаражат траншпен түсіп жатыр. Қазақстанмен 100 млн долларға дәл осындай келісімге күні кеше ғана қол қойылды", –деп атап өтті ол.

Олег Панкратовтың айтуынша, "елдер арасында теміржол тасымалы барысында брыңғай кедендік тарифті қолдану туралы келісімге қол қойды. Биыл жыл бойы жүргізілген келісім, келіссөз Қазақстан аумағы арқылы Ресейден стратегиялық маңызды тауарларды жеткізуді арзандатуға бағытталған. Ол жанар-жағармай, метал және ағаш".

Оның айтуынша, Қазақстан әзірше  қырғыз-қазақ шекарасында өткізу пунктерінде мал ветеринарлық бақылауды алып тастауды қолдап отырған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу