Қырғызстанда арнайы ойын аймағына баратын шетелдіктер үшін елге визасыз кіру ұсынылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz KaktusMedia сайтына сілтеме жасап.
Қоғамдық талқыға шығарылған жаңа заң жобасына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға "мамандандырылған ойын аймағы" ұғымы енгізіледі – Министрлер Кабинеті айқындайтын және/немесе құратын, аумағында арнайы құқықтық, валюталық және басқа режимдер қолданылуы мүмкін ойын қызметін ұйымдастыруға және жүргізуге арналған аумақ немесе инфрақұрылым.
Шетелдіктерге Қырғызстан аумағындағы арнайы ойын аймағына бару үшін ғана виза рәсімдемей кіруге, шығуға, транзитпен жүруге, жүріп-тұруға 15 күнге дейін рұқсат етіледі.
Казиноға келушілер Қырғызстанға келгеннен кейін төлқұжат бақылауынан өту кезінде тек жарамды жеке басын куәландыратын құжат көрсетуі керек.
Бұдан басқа, заң жобасында шетелдік азаматтар арнайы ойын аймағының шекарасын заңсыз кесіп өтсе, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге түзету жұмыстары немесе 500-ден 1000 есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жазаға тартылатыны жазылған.