Қырғызстан Қытаймен сауда-экономикалық мәселелерді талқылайды

898

Ел президенті 3-6 ақпан аралығында ҚХР-ға сапарлай барып, Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді.

Қырғызстан Қытаймен сауда-экономикалық мәселелерді талқылайды Фото: ria.ru

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қытайға жасайтын сапары аясында елдің басшылығымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Қырғызстан басшысы әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Жээнбек Кулубаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан халықаралық теміржол магистралін салу басты мәселелердің бірі болмақ. Сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында қырғыз тарапы "Иркештам" және "Торугарт" өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндігін арттыру және елдер арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселелерін көтереді", – деді ол.

Оның айтуынша, сапар барысында президент бастаған қырғыз делегациясы Қытай тарапымен "инвестициялық ынтымақтастық" түйткілдерін талқылап, энергетика, кен орындарын игеру, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларына қатысты бірқатар жобаны ұсынады.

Кулубаевтың айтуынша, келіссөздер барысында Қырғызстан мен Қытай арасындағы 30 жылдық дипломатиялық ынтымақтастықтың қорытындысы жарияланып, өзара қарым-қатынастың қай бағытта дамитыны айқындалады.

Қырғызстан президенті 3-6 ақпан аралығында ҚХР-ға сапарлай барады. Қытай астанасында Садыр Жапаров қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысып, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу