Қырғызстан мал экспортын тоқтатты

202

Қырғызстан ірі қара мен ұсақ малдың, сондай-ақ жылқылардың экспортын тоқтатты. 

Қырғызстан мал экспортын тоқтатты Фото: Pixabay.com

Бұл туралы республиканың су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ресми себеп – ветеринарлық қызметтің ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді түгендеуі.

"Бұл шара елдегі ауыл шаруашылығы жануарларының санын дәл есепке алуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ветеринариялық және санитариялық нормалардың сақталуын бақылауды арттыруға бағытталған", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ведомство түгендеу 15-20 күнге созылатынын айтты. Осыдан кейін экспортқа рұқсат беру процесі қайта басталады. Осы кезеңде берілген барлық өтінімдер түгендеу шаралары аяқталғаннан кейін бірден өңделеді.

Осы уақытта Қырғызстанда ет қымбаттады. Бір килограмм сиыр етінің бағасы 530-дан 600 сомға дейін көтерілді, ал кесілген ет құны 700 сомға дейін өсті. Сатушылар мұны Өзбекстанға экспорттаумен байланыстырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу