Қырғызстан мейрамханада қызмет көрсетуге төленетін міндетті ақыдан бас тартады

473

Көрші ел билігі осындай ұсынысты пысықтап жатыр. 

Қырғызстан мейрамханада қызмет көрсетуге төленетін міндетті ақыдан бас тартады  Фото: freepik

Қырғызстанның қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсеткені үшін қосымша ақы алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kaktus басылымына сілтеме жасап.

Экономика және коммерция министрлігі қызмет көрсету ақысын төлеуге қатысты өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, дәмхана, мейрамханалар Қырғыз Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша талаптарды өз бетінше белгілей алады деп көрсетілген. Алайда бұған қызмет көрсету пайызы кірмеуі тиіс. Қызмет көрсету, тағамдарды әкелу, ыдыс-аяқ қою немесе басқа үшін негізгі тапсырыс құнынан бөлек ақы алуына жол берілмейді. Қоғамдық тамақтану қызметінің барлық құрамы, мәселен, тағам бағасы, қызмет көрсету және т.б. тұтынушы тапсырыс бермей тұрып мәзірде немесе басқа да құжаттарда көрсетілуі тиіс.

Бұдан бөлек төлемнің соңғы сомасының прейскуранттағы бағадан айырмашылығы болмауы тиіс. Бұл ретте ерікті түрде шайпұл беруге қатысты тыйымдар жазылмаған.

Қаулыға қоса берілген анықтамада көрсетілгендей, бүгінде қоғамдық тамақтану орындарында тапсырыс сомасының 5-15%-ына тең қызмет көрсету ақысы шотта бөлек көрсетіліп келеді. Ол көбінесе негізгі тапсырыс құнына қосылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу