Қырғызстанда оқу процесі онлайннан офлайнға ауысуы мүмкін. Бұл туралы елдің Білім және ғылым министрлігі мәлім етті. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жалпы білім беру мекемелерін ашу туралы шешім Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе қабылданады.
Білім және ғылым министрлігі нақты қай уақытта ресми түрде басталатынын ашып айтпады. Дегенмен 24.kg басылымының дерегіне сүйенсек, бірқатар мектептің қызметкерлері сабақтың 19 қазанда басталатынын мәлімдеген.
Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте тек 1 сынып оқушыларына мектепке баруға рұқсат берілген болатын. 6 қазаннан бастап 2 және 6 сынып оқушылары офлайн форматқа ауысуы тиіс еді, бірақ елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты ереже күшіне енбеді.
Тағы бір жайт, Қырғызстанда соңғы күндері коронавирус жұқтырғандардың саны артып келеді. Соңғы тәулікте 343 науқас тіркелген.
Табиғат Нұрболат
Фото: kabarlar.org