Қырғызстан мемлекеттік туын өзгертпек

1626

Тиісті заң жобасы жария талқылауға шығарылды.

Қырғызстан мемлекеттік туын өзгертпек Фото: 24.kg

Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кенеш депутаттары мемлекеттік тудағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынып отыр.

24.kg порталының жазуынша, Жоғарғы Кенеш спикері Нұрланбек Шакиев пен депутат Ұлан Примов тиісті бастама көтерген.

Олардың сөзінше, Ту бейнесінің мағынасын екіұшты түсіндіруді жою үшін шаралар қабылдау қажет.

“Осыған байланысты Қырғыз Республикасының туындағы сәулелердің пішінін толқын тәрізді сәулелерден күн сәулелеріне айқын ұқсайтын пішінге өзгерту ұсынылады”, - делінген анықтамада.

Қазіргі таңда Тудағы күн сәулесінің жаңа эскизін жасау үшін бастапқы кезеңде әзірлеуші авторлар жұмылдырылды. Олар математикалық есептеулер, сызбалар және басқа жұмыстар жүргізумен айналысатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу