Аталған мәселе бойынша ақпаратты Экономика және коммерция министрінің орынбасары Қанат Әбдірахманов ұсынды.
Осы келісімнің жобасы негізінде жарғылық капиталы 25 млн АҚШ долларын құрайтын Қырғызстан мен Әзербайжан арасында бірлескен екіжақты инвестициялық қор құру ұсынылады. 25 миллион АҚШ долларын құратын жарғылық капиталды Әзербайжан тарапы өтейді.
Жарғылық капиталды 50 млн АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарлануда. Штаб-пәтер Бішкек қаласында орналасады.
Қорды құру инвестициялық саладағы ынтымақтастықты жандандыруға серпін беретіні атап өтілді.