Қырғызстан мен Германия күн электр станциясын салу туралы келісімге келді

162

Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігі жазды.

Қырғызстан мен Германия күн электр станциясын салу туралы келісімге келді Фото: dauletten.kz

Қырғызстан мен Германия екі қалқымалы күн электр станциясын құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров ресми сапармен Германияда президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және канцлер Олаф Шольцпен жеке кездесулер өткізді.

Жапаров президент Штайнмайермен кездесуінде Қырғызстанда халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы нығайтуға және қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталған ауқымды реформалар туралы айтты.

Қырғызстан президенті Германия канцлері Шольцпен жеке кездесуде қырғыз-герман ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

— Біз неміс кәсіпорындарының экономикамызға қатысуын құптаймыз, — деді ол.

Келіссөздер нәтижесінде Қырғызстан Министрлер кабинеті мен бірқатар мамандандырылған неміс компаниялары 2 қалқымалы күн электр станциясын салу және пайдалану туралы келісімге қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу