Қырғызстан мен Иран ақыры ортақ кәсіпорындар салу жөнінде келісті

362

Ведомствоның мәліметінше, кеңсе құрудың мақсаты — Қырғызстан экономикасының басым секторларында өзін-өзі ақтайтын жобаларды қаржыландыру. Бұл экономикалық интеграция мен ынтымақтастықты нығайтуы тиіс. 

Қырғызстан мен Иран ақыры ортақ кәсіпорындар салу жөнінде келісті Фото: Вечерний Бишкек

Осыдан үш жыл бұрын Қырғызстан аумағында, атап айтқанда, бөтелкедегі су өндіру мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар құру туралы мәселе талқыланған еді, алайда пандемия салдарынан келісім тек сөз жүзінде қалған еді.

Ал бүгін Қырғызстан мен Иран бірлескен инвестициялық кеңсе құратыны белгілі болды. Меморандумға екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 13-ші отырысының қорытындысы бойынша қол қойылды. Бұл туралы ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Қырғызстанның экономика министрі Данияр Амангелдиев атап өткендей, Бішкек пен Тегеранның достығы мен ынтымақтастығы осымен 31 жыл бойы жалғасып келеді. Оның айтуынша, Иранның ШЫҰ-ға кіруі экономикалық байланыстарды дамытудағы және елдер арасындағы сауданы кеңейтудегі маңызды қадам болмақ. Ол ЕАЭС мен Иран арасында еркін сауда аймағы туралы келісім бар екенін еске салып, Иран тарапын Қырғызстан аумағында бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін бірлесіп пысықтауға шақырды.

Сондай-ақ, Амангелдиев көліктік-логистикалық дәліздердің кеңеюін, шикізат пен өнімге арналған қоймалардың құрылуын атап өтті, Қырғызстанның елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашуға дайын екенін мәлімдеді.

"Бұл сауда-экономикалық өзара байланысты жандандыруға мүмкіндік береді және екі мемлекеттің туристік саласының дамуына елеулі үлес қосады", - деді ол.

Қырғыз-Иран үкіметаралық комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың негізгі мәселелері бойынша Хаттамаға қол қойылды. Олардың ішінде экономика, сауда және инвестициялар, еркін экономикалық аймақтар, ауыл шаруашылығы, кеден,, энергетика, көлік және логистика, ғылым, мәдениет және туризм, қоршаған орта, өнеркәсіп және индустрия, халал индустриясы, сондай-ақ аймақаралық ынтымақтастық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу