Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков телефон арқылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен екі елдің азаматтарын отанына қайтару бойынша бірлескен іс-қимылдарды талқылады, сондай-ақ қазақстандық әріптесін туған күнімен құттықтады, деп жексенбіде Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
"17 мамыр күні Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары қырғыз бен қазақтың екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы бірлескен шараларды талқылады ", – деп жазылған хабарламада.
Екі ел президенттері азаматтарды отанына қайтару бойынша бірлескен іс-қимыл жасау мәселесіне де тоқталды.
Көрші ел басшысының баспасөз қызметі Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан азаматтарының Қазақстан аумағы арқылы транзитпен оралуы мәселесін шешуге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіргенін айтты.
Әңгіме барысында Қырғызстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.