Бұл туралы inbusiness.kz Қырғызстанның Көлік және коммуникация министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Ош — Сары-Таш — Иркештам автомобиль жолы көліктің барлық түрлері үшін уақытша жабық", — делінген хабарламада.
Жолдың жабылуына қатты бораннан жиналып қалған қалың қар себепші болған.
"Тазарту жұмыстары 214-тен бастап 227 шақырымға дейінгі учаскеде жүріп жатыр", - деп хабарлады министрлік.
Ош — Сары-Таш — Иркештам тас жолының ұзындығы шамамен 260 шақырымды құрайды. Оның басым бөлігі таулы аймақтан өтеді. Қырғызстан мен ҚХР-ды тағы Бішкек-Торугарт автожолы байланыстырады, онда көліктердің жүріп-тұруына еш кедергі жоқ.