Даулы аумақтарға қатысты барлық мәселелерді шешу туралы өзбек-қырғыз демаркациялық комиссиясынан кейін Қырғызстанда наразылық акциялары басталды. Наразылық білдірушілердің пікірінше, шекара әділетсіз бөлінген. Мәселе Қырғызстанның Ош, Жалал-Абад облыстары мен Өзбекстанның Андижан облыстарының түйіскен жерінде орналасқан су қоймасына қатысты туындап отыр.
Андижан су қоймасы (қырғыз нұсқасы бойынша, Кемпирабад) ұсынылған шартқа сәйкес, Өзбекстанның бақылауына толығымен өтті. Бұл ретте тараптар ондағы су тең бөлінеді деп келісті.
Алайда наразылық білдірушілер шартты қайта қарауды, сондай-ақ су қоймасына толыққанды қырғыз бақылауын орнатуды талап етеді.