Қырғызстан мен Өзбекстан Қазақстанды айналып өтіп, Ресеймен сауда жасамақ

18646

“Оңтүстік дәліз” атты жаңа көлік дәлізі Қазақстанды айналып өтпек.

Қырғызстан мен Өзбекстан Қазақстанды айналып өтіп, Ресеймен сауда жасамақ Фото: abbat.tj

Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан Каспий теңізі арқылы жаңа мультимодальды дәліз құруға келісті, деп жазады inbusiness.kz Өзбекстан көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, Ташкентте өткен ШЫҰ-ға мүше елдердің көлік форумының қорытындысы бойынша көлік дәлізін дамыту туралы келісімге қол қойылған.

Қырғызстанның Көлік және коммуникация министрі Тілек Текебаев, Ресей Көлік министрінің орынбасары Дмитрий Зверев және Өзбекстанның көлік министрі Ихлом Махкамов “Ресей – Каспий теңізі – Түрікменстан – Өзбекстан – Қырғызстан” халықаралық мультимодальды көлік дәлізін қалыптастыру және дамыту туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Kloop.kg басылымының жазуынша, бұл көлік дәлізін құруға Қырғызстан тарапы қызығушылық білдірген. 

“Жаңа көлік дәлізі Қазақстанды айналып өтіп, Өзбекстан, Түрікменстан және Каспий теңізі арқылы Еуропа мен Ресейге шығуға мүмкіндік береді”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу