Қырғызстан мен Өзбекстан шекара бойынша ымыраға келді

1502

Тараптар шекараның жалпы учаскесін демаркациялау және делимитациялау жөніндегі жұмысты тек 2017 жылы ғана жүргізе бастады.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекара бойынша ымыраға келді

Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараның барлық даулы учаскелері бойынша ортақ келісімге келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы қырғыз үкіметінің шекараны демаркациялау және делимитациялау жөніндегі комиссиясының басшысы, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамычыбек Ташиевтің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Қырғыз-өзбек шекарасындағы барлық даулы учаскелерге қатысты ымыраға келдік", – деді ол.

Оның айтуынша, екі елдің шекарасында даулы учаскелер енді жоқ, тек қырғыз тарабы немесе тек өзбек тарабы бар. Ташиев шекара мәселелерін реттеу барысында тараптардың ешқайсысы жеңген де,жеңілген де жоқ екенін айтты.

"Барлық шешімдер өзара келісім бойынша қабылданды", – деді Ташиев.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасының ұзындығы –шамамен 1,38 мың шақырым.  КСРО ыдырағаннан кейін онда ондаған даулы учаскелер пайда болып, бұған қатысты дау 30 жылға созылды. Тараптар шекараның жалпы учаскесін демаркациялау және делимитациялау жөніндегі жұмысты тек 2017 жылы ғана жүргізе бастады.

Табиғат Нұрболат

Фото: eadaily.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу