Қырғызстан мен Өзбекстан зейнетақы өтілін өзара мойындауға келісті

130

Қырғыз Республикасы әлеуметтік қорының дерегінше, Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары сақтандыру және мемлекеттік зейнетақыларды қосарланған сақтандыру жарналарын төлемей-ақ тең құқықпен алатын болады.  

Қырғызстан мен Өзбекстан зейнетақы өтілін өзара мойындауға келісті Фото: kaktus.media

Қырғыз Республикасының Әлеуметтік қоры мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік емес зейнетақы қоры мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім жобасын мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz сайты KAZINFORM агенттігіне сілтеме жасап.

Келісімде мынадай нормалар қарастырылған:

  • зейнетақы тағайындау үшін сақтандыру өтілін қосу;
  • азаматтарға зейнетақыны олардың тұрып жатқан еліне қарамастан тікелей төлеу, жеткізу шығындарын ұстамай жүзеге асыру;
  • қосарланған аударымдарға жол бермеу үшін іссапарлар мен мерзімді ұзартуға қатысты ережелер енгізу.

Аталған келісімнің жүзеге асырылуы екіжақты қатынастарды нығайтып қана қоймай, әлеуметтік және экономикалық ынтымақтастыққа қосымша мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу