Қырғызстан мен Өзбекстаннан апиын есірткі тасымалдау контрабандасының жолы кесілді – ҰҚК

957

Қазақстанға Қырғызстан мен Өзбекстаннан апиын есірткі тасымалдау контрабандасының жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қырғызстан мен Өзбекстаннан апиын есірткі тасымалдау контрабандасының жолы кесілді – ҰҚК

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2021 жылғы маусымда шетел серіктестерімен өзара іс-қимылда Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстанға апиын есірткісін контрабандалық жеткізу арналарының жолын кесу бойынша 2 халықаралық операцияны іске асырды. Арнайы операция нәтижесінде 12,3 кг ауыр есірткі құралының Қазақстанға келіп түсуіне жол берілмеді. Өзбекстан мен Қазақстан аумағында трансұлттық құрылымдардың 4 қатысушысы қылмыс үстінде ұсталды", – деп жазылған хабарламада.

Тараз қаласында Қырғызстаннан жеткізілген есірткіні жасырылған жерден алу кезінде есірткі курьері – бұрын есірткі қылмысын жасағаны үшін сотталған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

Фигуранттар кінәларын мойындаған.

ҰҚК Қазақстан үшін есірткінің негізгі қауіп-қатерінің бірі "ауған факторы" екеніне тоқталды. Ауғанстандағы тұрақсыз жағдай Орталық Азия елдері арқылы Ресей мен Еуропаға есірткі ағынын күшейтуге ықпал етеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу