Қырғызстан мен Ресей темір жол құрылысы туралы меморандумға қол қойды

689

Бішкек инвестициялық саммиті аясында Қырғызстан мен Ресей арасында Балықшы-Кочкор-Қара-Кеше теміржол желісін салу жобасын бірлесіп іске асыру туралы меморандумға қол қойылды.  

Қырғызстан мен Ресей темір жол құрылысы туралы меморандумға қол қойды Фото: inform.kz

Бұл туралы "Қырғыз темір жолы" баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қырғыз тарапынан құжатқа "Қырғыз темір жолы", РФ тарапынан - "Ресей экспорттық орталығы" және "РЖД Интернешнл" қол қойды.

"Жобаны іске асырудың бірінші кезеңі - ұзындығы 63 шақырым болатын Балықшы-Кочкор темір жолының учаскесін салу. Биыл 5 шақырымға созылған теміржол құрылысы жоспарланып, жұмыстар 90 пайызға аяқталды. Құрылысты "Қырғыз темір жолы" өз қаражаты есебінен жүргізуде.

Стратегиялық жоба жаңа теміржол торабының, Ыстық көл мен Нарын облыстарының дамуына негіз болады. Болашақта ол жобаланып жатқан Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан жолымен қосылуы мүмкін, бүкіл Орталық Азия өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ол сондай-ақ республика ішіндегі бірыңғай теміржол желісіне кең мүмкіндіктер ашады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу