Қырғызстан мен Тәжікстан 47 шақырымнан астам шекара туралы келісімге қол қойды

241

Аталмыш елдердің топографиялық жұмыс топтары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының тағы 47,05 шақырымын үйлестіруге келіскен. 

Қырғызстан мен Тәжікстан 47 шақырымнан астам шекара туралы келісімге қол қойды  Фото: kabar.kg

8-14 желтоқсан аралығында Баткенде Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтік делегацияларының қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша топографиялық жұмыс топтары мен құқықтық мәселелер жөніндегі жұмыс топтарының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты kabar.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жиында топографиялық жұмыс топтары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының 47,05 шақырымын үйлестіруге келісімін берген.

Тараптар Тәжікстан Республикасының аумағында өтетін келесі кездесуде қалған учаскелерді сипаттау бойынша жұмысты жалғастырады.

Кездесу қорытындысы бойынша, тиісті хаттамаға қол қойылды.

Еске сала кетейік, Тәжікстан мен Қырғызстанның ортақ шекарасы 970 шақырымды құрайды. Ал, бірнеше жүз шақырымдық байланыс желісі әлі анықталып, белгіленбеген.

Сондай-ақ, тараптардың кездесулері бір-бірінің аумағында кезектесіп өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу