Қырғызстан мен Тәжікстан бейбіт хаттамаға қол қойды

778

Шекарадағы қарулы қақтығысты тергеу жөніндегі бірлескен комиссия 20 қыркүйекте жұмысын жалғастырады. 

Қырғызстан мен Тәжікстан бейбіт хаттамаға қол қойды

Қырғызстан мен Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары елдер арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Қырғызстанның вице-премьері және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бастығы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді.

Ол құжатқа қол қоюды шекарада біртіндеп қалпына келе жатқан бейбітшілікке жасалған тағы бір қадам деп бағалады.

Сондай-ақ Ташиев екі тарап құрған қырғыз-тәжік шекарасындағы жақында болған қарулы шабуылды тергеу жөніндегі бірлескен комиссия өз жұмысын 20 қыркүйекте жалғастыратынын айтты.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу