Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекарадағы даулы учаскелердің 94%-ына қатысты келісімге келді. Бұл туралы "Кабар" агенттігі РҚ Президенті Әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Хабарламаға сәйкес, топографиялық жұмыс топтары мен екі елдің үкіметтік делегацияларының құқықтық мәселелері жөніндегі жұмыс топтарының кезекті келіссөздерін тамыз айында Баткенде өткізу жоспарлануда.
Кездесу барысында тараптар даулы учаскелердің қалған 6%-ын талқылайды.
Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 972 шақырымды құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу