Қырғызстан мен Тәжікстан елдері мемлекеттік шекара сызығының 90%-ы пайызы бойынша келісімге келді

276

Бұл туралы 24.kg ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қырғызстан мен Тәжікстан елдері мемлекеттік шекара сызығының 90%-ы пайызы бойынша келісімге келді Фото: pixabay.com

12 желтоқсан күні Баткенде Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтік делегацияларының мемлекеттік шекараны делимитациялау және шегендеу мәселесі бойынша кездесуі өтті. Оның қорытындысы бойынша, делегация басшылары Қырғызстан МҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев пен Тәжікстан республикасы МҰҚК төрағасы Саймумин Ятимов мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Саймумин Ятимов тараптардың екіжақты комиссия жұмысын жүргізіп, өмірлік маңызды мәселелерді талқылағанын атап өтті.

Сондай-ақ, оның айтуы бойынша, екі мемлекет арасында ортақ мүдде, ортақ мақсаттар, демек, ортақ істер бар. Сол себепті, оларға баса назар аударылып жатыр.

"Логикалық қорытынды – халқымыздың мүддесі. Бұл – мемлекеттеріміздің қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы. Бүгінгі таңда орасан зор жұмыс атқарылды, 120 шақырымнан астам жолға ілгерілеп, осы мәселелерді принципті түрде келістік. Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығын алатын болсақ, Қамшыбек Қыдыршаұлы екеуміз мемлекеттік шекараның 90 пайыздан астамы сызылғанын растай аламыз. Біз шынымен де бұл мәселені шешуге жақын қалдық. Комиссия негізгі мәселелерге ерекше жауапкершілікпен қарайды, ол біздің мемлекет басшыларының халықтың ерік-жігерін білдіретін нақты тапсырмаларын орындайды. Сәтті аяқталған жұмыс үшін комиссияға алғыс айтамын", – деп түсіндірді Саймумин Ятимов.

Өз кезегінде, Қамшыбек Ташиев әріптесінің сөзін растап, үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік шекараның 90 пайыздан астамы бойынша келісімге келгенін мәлімдеді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, келісілген аумақтар жақын арада сызылады.

"Бізде жақын арада жұмысты аяқтайтын бірнеше учаске қалады. Бұл қандай аймақтар? Қайрагач, Қулунду, Мақсат, Арқа, Арқа-1, Арқа-2, Жаңы-Жерден басталып, Жийделікке дейін. Жұмыс тобы бекітуді толығымен аяқтады. Сонымен қатар, үш мемлекеттің түйіскен жері Қара-Баку, Ляккон бойынша келістік. Осылайша қазіргі уақытта сұрақ туындаған даулы учаскелер бойынша жұмысты аяқтадық. Бүкіл мемлекеттік шекара бойындағы жұмысты аяқтау үшін санаулы кездесу қалды", – деп қорытындылады Қамшыбек Ташиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу