Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеттерінің басшылары Қамшыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов екі ел арасындағы шекара мәселелерін талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Тәжікстанның Соғды облысының Бустон қаласында қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтік делегацияларының тең төрағалары Қамшыбек Ташиев пен Саймумин Ятимовтың кездесуі өтті", – делінген ақпаратта.
Министрлер кабинеті үкімет делегацияларының басшылары қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау мәселелерін талқылап, үкіметтік делегациялардың жұмыс топтарына қалған аймақтарда екі мемлекет арасындағы шекара сызығының бағытын одан әрі айқындау бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар бергенін қосты.