Бұл туралы Қырғызстан ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.
"Ош облысының Шоң-Алай ауданындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдайға байланысты Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметінің директоры Уларбек Шаршеев пен Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті шекара әскерлерінің қолбасшысы Раджабали Рахмонали келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде 14:20-да тәжік тарапы Чоң-Алай ауданының Тешик-Таш, Карамык және Кароол-Добо ауылдарындағы қырғыз шекарашылары позицияларына оқ жаудыруды тоқтату туралы уағдаластыққа қол жеткізді”, – деп атап өтті ведомство.
Еске сала кетсек, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс 16 қыркүйек таңертең басталды. Тараптар бір-біріне әскери техника қолданды деп айыптауда. Оның ішінде ауыр техниканы қолдану деректері де бар. Кейін Қырғызстанның шекара қызметі екі ел басшылары атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Бірақ бірнеше сағаттан кейін тараптар уағдаластықты бұзды.
Құралай Құдайберген