Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада қару қолданбауға келісті

1125

Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада қару қолданбауға келісті

"Екі тараптың заңнамалық актілерінің талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, екі елдің әскери қызметкерлеріне қару қолдануға тыйым салынады", – деп хабарлады Қырғызстан мен Тәжікстан шекара өкілдерінің келіссөзінен кейін Шекара қызметі.
       
Тараптар шекара қауіпсіздігі бойынша бірқатар мәселелерді қарастырды.

"Тараптар екі елдің шекаралас аймақтарында оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған өзара іс-қимыл және күш-жігерді үйлестіру туралы үкіметаралық келісімдер мен хаттамаларды жүзеге асыру бойынша қатаң шаралар қабылдауға келісті", – деп хабарлады Шекара қызметі.

Екі республиканың шекара өкілдері шекаралық оқиға болған жағдайда әскери қызметкерлер арандатушылыққа бой алдырмау керектігін, жағдайдың шиеленісуіне ықпал ететін адамдардың бүлдіргіш әрекеттерін табанды түрде жолын кесуге міндетті екенін баса айтып, әскери қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Барлық әскери қызметшілер қырғыз-тәжік шекарасының талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті.

Еске сала кетсек, 10 және 11 наурызда қырғыз-тәжік шекарасында бірнеше қару қолдану жағдайы орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу