Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы шиеленісті реттеуге уағдаласты

1322

Қос ел арасындағы шекарада қақтығыс болып, бірнеше адам жарақат алды.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы шиеленісті реттеуге уағдаласты

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қырғызстанның Баткен облысының әкімшілігіне сілтеме жасап. 

Аймақ губернаторы Өмірбек Суваналиев Тәжікстанның Соғды облысының басшысы Раджоббой Ахмадзодамен екі мәрте телефон арқылы сөйлескен.

"Тараптар жағдайды реттеуге келісті", – деді әкімшілік өкілі.

Сонымен қатар аудан басшылары, құқық қорғау органдары мен шекара ведомстволарының өкілдері деңгейіндегі келіссөздер жүргізілуде. Шекара маңындағы аудандардың тұрғындарына тыныштық сақтап,үйлеріне тарауға кеңес берілді.

Бұған дейін Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз орталығы 28 сәуірде екі ел шекарасыда қақтығыс болғанын хабарлаған еді. Қырғыз тарапы бұған тәжік тарапының электр желісі бағаналарына бейнебақылау камераларын орнатуы себеп болды деп отыр.  Қырғыз тарапы олардың бұл әрекетіне қарсы шығып, бағананы кеспекші болған. Оның арты тас лақтырысуға ұласып, салдарынан бір адам зардап шеккен. Түнде қақтығыс ушығып, Тәжікстанның жергілікті тұрғындары атыс ашқан. Төрт қырғызстандық жарақат алды. Шекара ведомствосының айтуынша, қырғызстандықтар тарапы қару қолданбаған. Осыдан кейін Қырғызстан округтерінде төтенше жағдай режимі енгізіліп, қақтығыс аймағынан әйелдер мен балаларды эвакуациялау басталды.

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті болса, қақтығыстың ушығуына қырғызстандықтар кінәлі деп мәлімдеді. Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, оқиға "Головной" су тарату пунктінің учаскесінде Баткен ауданының басшысы Оразов Ақылбек бастаған Қырғызстан азаматтарының шиеленісті ушықтыру салдарынан болған. Қақтығыс кезінде Тәжікстанның жеті азаматы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған.

Қырғызстанның шекара қызметі тәжік тарапын қақтығыс туралы ақпаратты бұрмалады деп айыптап, арандатушылық үшін тәжікстандықтар жауап беруі керек деп мәлімдеді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: tass.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу