Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері келіссөздер барысында шекарадағы қақтығыс болған жерден өз бөлімшелерін шығаруға уағдаласты, деп хабарлайды inbusiness.kz Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.
"Келіссөздердің алғашқы нәтижесі – бөлімшелерді жауынгерлік позициядан шығару туралы шешім. 2022 жылғы 14 маусымда күнгі сағат 13:00-дегі жағдай бойынша мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдайға "шиеленіскен" деген баға беріліп отыр", – деп жазылған хабарламада.
Шекара ведомствосының мәліметінше, Қырғызстанның Баткен облысы Баткен ауданының Булак-Башы елді мекеніндегі қос тараптың кездесуіне Тәжікстанның Согди облысы мен Баткен облысының өкілдері қатысуда.
"Тараптар "Булак-Башы" (Қырғызстан) және "Кех" (Тәжікстан) шекара бекеттері арасындағы атыстың не себепті басталғанын анықтауда", – деп жазылған хабарламада.
Табиғат Нұрболат