Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындаға жағдай қайта ушықты

1005

28 сәуірде екі ел шекарасында қарулы қақтығыс болған еді 

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындаға жағдай қайта ушықты

Қырғызстанның шекара қызметінің бөлімшелері Тәжікстанмен арадағы шиеленістің өршуіне байланысты күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қырғыз мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. 

"Тәжік тарапы қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша үкіметаралық делегацияларының бұрын қол жеткізген барлық уағдаластықтарын бұзып, 4 маусымда Қырғыз Республикасының аумағына 1 000 шақырымға дейін ене отырып, Ош облысының Чон-алай ауданының Унжу-Бұлақ елді мекеніндегі шекараның  учаскесінде контейнер орната бастады", – деп жазылған хабарламада.

Қырғызстан тарапының дерегі бойынша, Тәжікстан автокөліктер және жеңіл броньдалған техникадағы әскери қызметшілердің жеке құрамын жинақтаған.

"Жағдайды шекара өкілдері деңгейінде реттеу үшін шаралар қабылдануда, бірақ Тәжікстан Республикасының шекара өкілдері телефон қоңырауларына жауап бермей жатыр", – дейді Қырғызстанның шекара қызметі.

28 сәуірде екі ел шекарасында қарулы қақтығыс болған еді. Шабуыл барысында қос мемлекеттің ондаған азаматы қаза тапты. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу