Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы атыста бір адам қаза тапты

608

Қос елдің өкілдері атыс себебін анықтау және жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін кездесу жүргізіп жатыр.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы атыста бір адам қаза тапты

14 маусымда Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы учаскеде шекарашылар арасында атыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жарияланбады.

Қырғызстан тарапының айтуынша, таңертең Баткен ауданының Бұлақ-Башы деген жерінде Тәжікстан шекарашылары "Бұлақ-Башы" шекара бекетіне оқ атқан. Бұған жауап ретінде қырғыз шекарашылары тәжік бекетіне оқ жаудырған.

Тәжікстан тарапының хабарлауынша, қырғыз шекарашылары "Кех" заставасына минометпен атып, артынан тәжік тарапы шабуыл жасауға мәжбүр болған. "Азия-Плюс" басылымының дерегінше, атыс салдарынан Тәжікстанның мерзімді қызметтегі сарбазы қаза тапты. Тәжікстан билігі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Қос елдің өкілдері атыс себебін анықтау және жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін кездесу жүргізіп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу