Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай тұрақтанды

1158

27 қаңтарда тәжік-қырғыз шекарасының учаскесінде қақтығыс болды.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай тұрақтанды

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдай тұрақтанды. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдай, яғни Самарқанд, Көк-Таш, Дахма, Кочо-Бою және Головной аудандарындағы жағдай реттелді", – деп жазылған хабарламада.

27-ден 28 қаңтарға қараған түні ешқандай атыс болған. Қазір Қырғыз Республикасының шекара қызметі жағдайды бақылауда. 

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, қырғыз және тәжік әскерилерінің арасындағы қақтығыс кезінде Қырғызстанның 11 азаматы зардап шеккен. Олар қазір медициналық ем қабылдап жатыр.

27 қаңтарда тәжік-қырғыз шекарасының учаскесінде қақтығыс болды. Қырғыз тарапы Тәжікстан әскерилері миномет пен гранатомет қолданып, шекараға бірқатар техниканы орналастырды деп айыптады. Тәжікстан болса, атысты ашқан Қырғызстан,оның әскерилері минометтер мен дрондарды қолданды, қақтығыс кезінде бейбіт тұрғындар қаза тапты деп жариялады. 

28 қаңтарға қараған түні тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу