"Тараптар мемлекеттік шекара сызығынан тұрақты орналасу пункттеріне қосымша күштер мен құралдарды бөлуді бастады", − деп хабарлады inbusiness.kz Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Шекара ведомствосының мәліметінше, шекарадағы жағдай тұрақты. Атыс тиылған. Дегенмен шекара бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Баткен облысында Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы үкіметтік делегацияларының арасында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялауға қатысты отырыс өтті.
Қанат Махамбет