Қырғызстан өз аумағында Ресейдің биозертханаларын ашудан бас тартты

751

Бұл мәселе Мәскеуде талқыланды. 

Қырғызстан өз аумағында Ресейдің биозертханаларын ашудан бас тартты

Ресей Қырғызстанға ел аумағында BSL-3 деңгейіндегі биологиялық зертхана салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл мәселе Мәскеуде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қырғызстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысында талқыланды. Тараптар Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың дамып жатқанын, коронавирусқа қарсы вакцинация сертификаттарын өзара мойындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

"Тараптар Қырғыз Республикасының аумағында BSL-3 биологиялық зертханасын құруға қатысты пікір алмасты. Бұл ретте Қырғыз Республикасы бұл жобаны жүзеге асырудан бас тартты", – деп жазылған ресми хабарламада.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу