Қырғызстан өз азаматтарына Тәжікстанға әзірге бармауға кеңес береді

683

Шешім Қырғызстан азаматтарының Тәжікстанға кіруіне шектеу шараларымен негізделген.  

Қырғызстан өз азаматтарына Тәжікстанға әзірге бармауға кеңес береді Фото: caviral.com

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына көрші Тәжікстанға әзірге бармауға кеңес береді, деп хабарлайды Inbusiness.kz АА сайтына сілтеме жасап.

Шешім Тәжікстанда жалғасып жатқан шектеу шараларына қатысты қабылданды.

"Қырғызстан азаматтарының Тәжікстанға кіруіне шектеу шараларының жалғасуына байланысты Министрлік Қырғызстан азаматтарына Тәжікстанға кез келген сапардан немесе Тәжікстан аумағы арқылы басқа елдерге транзиттік маршруттан уақытша бас тартуды ұсынады", - делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу