Қырғызстан Өзбекстанмен Төтенше жағдай саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Келісімнің күшіне енуі үшін заң қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындау мақсатында қабылданды. 

Қырғызстан Өзбекстанмен Төтенше жағдай саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады Фото: kabar.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Министрлер Кабинеті мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы "2023 жылғы 27 қаңтарда Бішкек қаласында қол қойылған Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қырғыз Заңына қол қойды. Оны Жогорку Кенеш 2023 жылғы 29 қарашада қабылдады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келісім төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға, дүлей зілзалалар қаупін азайтуға, ықтимал төтенше жағдайларға әзірлікті және ден қоюды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша өзара көмек көрсетуге бағытталған.

Сонымен қатар, келісім төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі мәселелерді бірлесіп және жедел шешуге, тәжірибе, ақпарат және технологиялар алмасуға, сондай-ақ, екі мемлекеттің оқу орындарында төтенше жағдайларды басқару саласында мамандар даярлауды жүзеге асыруға, Қырғызстан мен Өзбекстан халықтарының игілігі үшін халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау саласында бірлескен жобалар жүргізуге мүмкіндік береді.

Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу