Қырғызстан пандемияға қарамастан әуе кеңістігін ашты

713

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар тұрақты әуе қатынасымен елге келе алатындығын хабарлады. 

Қырғызстан пандемияға қарамастан әуе кеңістігін ашты

Қырғызстан коронавирус пандемиясына қарамастан, әлемнің барлық елдерінің азаматтарына мемлекетке келуіне рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бірақ авиажолаушыларда ұшып-қону уақытынан 72 сағат аспайтын уақытта жүргізілген коронавирусқа ПТР-сынаманың теріс нәтижесі туралы анықтама болуы керек.

Сонымен қатар, Қырғызстанға келгеннен кейін санитарлық-карантиндік пункттердің қызметкерлері де тест нәтижелерін тексереді. Егер анықтама мерзімі ұшу ұзақтығына немесе рейстің кешігуіне байланысты өтіп кетсе, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар келген жері бойынша тағы бір рет ПТР-сынағынан өтуге міндеттелінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу