Париж Олимпиадасында Қырғызстан құрамасы 2 күміс, 4 қола медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қырғыз елінен әйелдер күресінен Мейірім Жұманазарова мен боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы күміс медаль еншілесе, грек-рим күресінен Жоламан Шаршенбеков, Ақжол Махмудов, Узур Жузупбеков, әйелдер күресінен Айсұлу Тыныбекова қола жүлдеге қол жеткізді.
Өкінішке қарай, қырғыздар Олимпиада ойындарынан әзірге алтын медаль ала алмай келеді. Десе де, Парижде боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы қырғыз тарихына бокстан алғашқы күміс жүлдені сыйлады. Ол алтынға бір қадам қалғанда Өзбекстанның қазіргі Азия және әлем чемпионы Абдумалик Холоковқа қарсы жекпе-жекте ұтылды.
Бірақ, еліне тарихи медаль сыйлады. Осыған дейін Қырғыз елі бокстан Олимпиада ойындарында жүлдеге іліге алмай келген болатын.