Бүгін Әлеуметтік саясат комитеті әлеуметтік саланы дамыту бойынша министрліктердің есебін тыңдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Депутат Камила Талиева елде 12 жылдық білім беру жүйесіне сапалы көшу мүмкін емес екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, білім беру саласы қажетті оқу материалдарымен толық қамтамасыз етілмеген, ал қазіргі жүйенің тиімділігіне күмән бар.
"Біз 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайын емеспіз және таяу уақытта оған өте алмаймыз. Білім министрлігі бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін USAID халықаралық ұйымына сенім артқан еді. Алайда USAID-тің 24 жобасының 22-сі жабылып, тек екеуі ғана қалған. Сол себепті 10 жылдық білім беруге қайта оралуды ұсынамын. Басты мақсат — оқу жылын ұзарту емес, білім сапасын арттыру болуы тиіс. Ұлыбританияның өзі кеңестік жүйеге қайта оралуды қарастыруда. Ал біз білім беру саласында реформалар жасаймыз деп, оны керісінше қиындатып жатырмыз," — деді депутат.
Алайда Камила Талиева Білім министрлігіне бұл мәлімдемесіне қатысты ресми түсініктеме беруден бас тартты.